Резюме активно

Резюме: Учитель математики

ФИОСкрыто
Образованиебакалавриат
Стаж работыс 1–3 лет
Квалификационная категорияпедагог
Тип занятостичастичная
Языки преподаванияказахский
Готовность к переездунет
Оқу орны: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (КазНПУ) Қызыл диплом
Мамандығы: 6В01502 – Математика-физика пәні мұғалімдерін даярлау
Оқу мерзімі: 2022 – 2026 жж.
Ғылыми/практикалық жобасы: Дипломдық жұмысты «Кеңістіктегі векторлар тарауын цифрлық технологиялар көмегімен оқыту әдістемесі» тақырыбында сәтті қорғады.

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ
№107 лицей Лауазымы: Математика пәні мұғалімі Жұмыс мерзімі: 30.03.2026 – қазіргі уақытқа дейін Міндеттері мен жетістіктері:
● Жоғары және орта сыныптарда Алгебра және Геометрия пәндерінен сабақ беру;
● Оқушылардың математикалық бейімділігі мен потенциалын анықтау, пәндік олимпиадалар ұйымдастыру және өткізу;
● БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу, тексеру және тоқсандық бағаларды қорытындылау;
● Мемлекеттік қорытынды емтихандар кезінде ассистент ретінде қатысу және ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру.
№148 мектеп-гимназия Лауазымы: Математика пәні мұғалімі (Практикант) Жұмыс мерзімі: 06.10.2025 – 22.03.2026 Міндеттері мен жетістіктері:
● Жоғары сынып оқушыларына математика пәнінен сабақ беру, ҚМЖ (Қысқа мерзімді жоспар) дайындау;
● Сабақтарға арналған интерактивті көрнекіліктер мен презентациялар (слайдтар) әзірлеу;
● БЖБ/ТЖБ нәтижелерін талдау және оқушыларды мектепішілік әлеуметтік-мәдени іс-шараларға дайындау.
"NNN online" білім беру платформасы Лауазымы: Куратор, кейіннен Әдіскер (Методист) Жұмыс мерзімі: 16.10.2023 – 12.11.2024 Міндеттері мен жетістіктері:
● Оқушыларды ҰБТ-ға (Математика және Математикалық сауаттылық) дайындау материалдарын және әдістемелік құралдарын әзірлеу;
● Қосымша онлайн сабақтар өткізу, үй тапсырмаларын тексеру және қатемен жұмыс жүргізу.
"JUZ40 online" білім беру платформасы Лауазымы: ҰБТ-ға дайындық кураторы Жұмыс мерзімі: 10.08.2022 – 01.07.2023 Міндеттері мен жетістіктері:
● Оқушылардың тапсырмаларын тексеру, уақытылы әрі сапалы кері байланыс беру;
● Оқушылармен тығыз қарым-қатынас орнату, оқуға деген мотивациясын арттыру;
● Оқу үлгерімі мен статистикалық деректерді жинақтау, есеп беру.

КӘСІБИ ДАҒДЫЛАР
Пәндік құзыреттілік: Математика, алгебра және геометрия пәндерін тереңдетіп оқыту. Пәндік білім беру (ПББ) тестінің нәтижесі: 42/50
Цифрлық дағдылар: GeoGebra (соның ішінде GeoGebra 3D), Desmos және басқа да заманауи математикалық платформаларды сабақта тиімді қолдану.
Жасанды Интеллект: Оқу процесіне жасанды интеллект құралдарын, көрнекіліктер мен тапсырмалар генерациялау технологияларын біріктіру дағдысы.
Қосымша білім: Университет қабырғасында Coursera және т.б. халықаралық платформалардан онлайн-курстардан өтіп, кәсіби сертификаттар иеленген.

ТІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУІ
Қазақ тілі: Ана тілі (Еркін, академиялық деңгейде)

ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕР
Ұйымдастырушылық қабілет: Сабақтарды, олимпиадалар мен іс-шараларды жүйелі жоспарлау.
Коммуникация: Оқушылармен, ата-аналармен және ұжыммен тез тіл табысу, сенімді қарым-қатынас орнату.
Күйзеліске төзімділік және Сабырлылық: Күрделі жағдайларда байсалды шешім қабылдай алу.
Бейімделгіштік: Жаңа ортаға, жаңа білім беру форматтарына (онлайн/офлайн) және заманауи бағдарламаларға жылдам бейімделу.