Резюме активно

Резюме: школьный психолог

ФИОСкрыто
Образованиевысшее
Стаж работыс 3–5 лет
Квалификационная категорияпедагог-модератор
Тип занятостиполная
Языки преподаванияказахский
Готовность к переездуда
# Кәсіби мінездеме

Педагог-психолог және ABA-терапевт ретінде балалармен психологиялық-педагогикалық және коррекциялық бағытта жұмыс тәжірибем бар. Баланың жеке ерекшеліктерін, эмоционалдық жағдайын және даму қажеттіліктерін ескере отырып, жеке тәсілмен жұмыс жүргізуге бейіммін.

Балалармен тез тіл табысамын, сабырлы, эмпатиялы және жауапкершілігі жоғары маманмын. Психологиялық диагностика, жеке және топтық жұмыстар жүргізу, баланың әлеуметтік және эмоционалдық бейімделуіне қолдау көрсету, мінез-құлық ерекшеліктерін бақылау және коррекциялық жұмыстарды ұйымдастыру дағдыларына иемін.

Жұмыс барысында кәсіби этиканы сақтауға, әр баланың жеке мүмкіндігі мен қажеттілігін құрметтеуге ерекше мән беремін. Ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен тиімді қарым-қатынас орнатып, командалық жұмысқа белсенді қатыса аламын.

Өз кәсіби білімімді үнемі жетілдіруге, жаңа әдістемелерді меңгеруге және балалардың психологиялық әл-ауқаты мен дамуына өз үлесімді қосуға ұмтыламын.

**Кәсіби қасиеттері:** жауапкершілік, эмпатия, сабырлылық, ұқыптылық, байқағыштық, коммуникабельділік, стрессоустойчивость, балаларға жеке тәсілмен жұмыс жасау, командалық жұмыс, кәсіби дамуға ұмтылыс.